Футбол: Еуропа чемпионаты Францияға €1,22 млрд әкелді

 АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы футболдан  Еуропа чемпионатын өткізу Францияға    €1,22 млрд қаржы әкелді.

Футбол: Еуропа чемпионаты Францияға    €1,22 млрд әкелді

Бұл туралы сейсенбіде France Press елдің Спорт министрлігі жариялауы тиіс зерттеуге сілтеме жасап  хабарлады.

Зерттеуге сәйкес турнир уақытында Францияға 613 турист келген, олардың әрқайсысы күніне €154 жаратып, елде шамамен 7,9 тәуліктей болды.

Еске сала кетсек, Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтті. Франция командасын (1:0 қосымша уақытта) жеңген Португалия құрамасы турнир жеңімпазы атанды.