11:06, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Футбол: Еуропа чемпиондары лигасы бірінші ширек финалдық матчтарының нәтижелері
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше қарт құрлықтың жасыл алаңдарында футболдан Еуропа чемпиондары лигасының бірінші ширек финалдық матчтары өтті,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Интер» (Италия) мен «Манчестер Юнайтед» (Англия) арасындағы ойында есеп ашылған жоқ. «Арсенал» (Англия) «Романы» (Италия) қабылдап, 1:0 есебімен жеңді. «Лион» (Франция) мен «Барселона» (Испания) 1:1 , ал «Атлетико» (Испания) мен «Порту» (Португалия) 2:2 есебімен тең ойнады. Қарымта ойындар наурыздың 11-де өтеді.
Сондай-ақ бүгін «Челси» (Англия) мен «Ювентус» (Италия), «Вильярреал (Испания) мен «Панатинаикос» (Грекия), «Спортинг» (Португалия) пен «Бавария» (Германия), «Реал» (Испания) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары арасында бірінші ширек финалдық матчтар өтеді.