ФУТБОЛ: Еуропа лигасының 1/4 финалында кездесетін командалар анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 20 наурызда Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімі өтіп, ширек финалда бақ сынайтын командалар анықталды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Еуропа лигасының ширек финалында жеребе нәтижесі бойынша мына командалар кездеседі:
"Севилья" (Испания) - "Зенит" (Ресей)
"Днепр" (Украина) - "Брюгге" (Бельгия)
"Динамо" (Украина) - "Фиорентина" (Италия)
"Вольфсбург" (Германия) - "Наполи" (Италия)
Тізімде бірінші тұрған командалар алғашқы кездесулерін өз алаңдарында 16 сәуірде өткізеді. Ал қарымта кездесу сырт алаңда 23 сәуірде өтеді.
Айта кетейік, Еуропа лигасының финалдық ойыны 27 мамыр күні Варшавада өтетін болды.