Футбол: Франция Қазақстан құрамасының 68-ші қарсыласы болмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 28 наурызда Қазақстан 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчында Франциямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Қазақстан және Франция командалары ұлттық құрама деңгейінде ешқашан кездеспеген еді. Еуропалық елдер қатарынан бұл Қазақстанның 39-шы қарсыласы болмақ. УЕФА құрамына кіретін командалар арасынан Қазақстан құрамасы әзірге Босния мен Герцеговина, Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косово, Линхенштейн, Люксембург, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Солтүстік Македония, Словакия, Словения, Уэльс және Швейцария құрамаларымен алаңда кездескен жоқ.