Футбол: Франциялық «Лион» командасы итальяндық «Ювентустан» өз алаңында ұтылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциялық «Лион» командасы футболдан Еуропа Лигасының 1/4 финалдық ойындарының алғашқы матчында итальяндық «Ювентустан» өз алаңында ұтылып қалды.
Кездесу 0:1 есебімен аяқталды.
Қонақтарға жеңісті ойынның 85-інші минутында допты қақпаға дәл бағыттаған қорғаушы Леонардо Бонуччи алып берді.
Өзге матчтардың қорытындылары:
АЗ /Нидерланды/ - "Бенфика" /Португалия/ - 1:0
"Базель" /Швейцария/ - "Валенсия" /Испания/ - 3:0
"Порту" /Португалия/ - "Севилья" /Испания/ - 1:0
Қарымта ойындар 10 сәуірде өтеді.