ФУТБОЛ: «Гамбург» «Астана» командасының қорғаушысын 5 миллион еуроға сатып алмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Гамбург» «Астанаға» Максимович үшін 5 миллион еуро төлейді.
«Астана» командасы мен Сербияның жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович «Гамбургте» мансабын жалғастырады, деп жазды Vecernje Novosti басылымы.
Неміс командасы ойыншыны € 5 млн-ға сатып алмақ. Неміс клубындағы Максимовичтің жалақысы жылына € 1 млн-ды құрайды, ал келісім төрт маусымға жасалған.
20 жастағы футболшы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу ойыны аяқталғаннан кейін «Гамбургке» қосылуы тиіс. Бұл сында «Астана» «Марибормен» кездеседі.
Осы маусымда Максимович Қазақстан чемпионатында 12 матч өткізіп, 4 гол соқты.