ФУТБОЛ: Гарет Бейл биыл жазда «Реалдан» кетпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гарет Бейл осы жазда Мадридтің «Реал» командасынан кетіп, ағылшын премьер-лигасына оралмақ, деп хабарлайды Sunday Times.

ФУТБОЛ: Гарет Бейл биыл жазда «Реалдан» кетпек

Басылымның ақпаратына сүйенсек, 2013 жылы Бейлді «Тоттанхэмнен» ауыстыру үшін «Реал» 85 миллион фунт жұмсаған. Енді Бейлдің өкілдері Мадрид клубының президенті Флорентино Пересуға футболшыны ағылшын клубтарының біріне ауыстыру құны одан да көп болатынын айтты.

Бейлді сондай-ақ «Челси», «Манчестер Сити» және «Манчестер Юнайтед» футбол командалыры да шақырып отыр.

Осы маусымда жартылай қорғаушы «Реал» үшін 47 ойында 17 гол соққан.