ФУТБОЛ: Исландия Чехияны сүріндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионатның іріктеу жарысында А тобындағы Исландия өз алаңында Чехиядан 2:1 есебімен басым түсті деп хабарлайды Sports.kz.
Есепті алдымен қонақтардан Боржек Дочкал (55-інші минут) ашты. Бірақ бұдан кейін Арон Гуннарссон (60-ыншы минут) және Колбейнн Сигторссон Сигторссон (76 -ыншы минут) алаң иелеріне үш ұпай алып берді.