ФУТБОЛ: Испания жасөспірімдер құрамасы Қазақстан Президенті Кубогына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 жасқа дейінгі Испания жасөспірімдер құрамасы Астанада өтетін жылсайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына қатысатынын растады.

ФУТБОЛ: Испания жасөспірімдер құрамасы Қазақстан Президенті Кубогына қатысады

Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы баспасөз қызметінен хабарланды. «Қазақстан мен Испания құрамаларынан бөлек, халықаралық турнирге Грузия, Қырғыз Республикасы, Беларусь және Тәжікстанның жасөспірім құрамалары қатысатын болды», - делінген баспасөз баянында.

Еске сала кетейік, өткен жылы Испания турнир жеңімпазы атанған болатын. Олар финалда Грузия футболшыларын 6:1 есебімен ұтқан еді.