Футбол: израильдік қорғаушы Офри Арад жыл соңына дейін «Қайрат» клубында ойнайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Футболдан Израиль құрама командасының қорғаушысы Офри Арад жыл соңына дейін «Қайрат» футбол клубында ойнайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футбол: израильдік қорғаушы Офри Арад жыл соңына дейін «Қайрат» клубында ойнайды

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Израиль құрамасының қорғаушысы Офри Арад биыл жыл соңына дейін жалға алу құқығымен «Қайрат» футбол клубында ойнайтын болды.

«Офри Арад – жасы 24-те, орталық қорғаушы, Израильдің екі дүркін чемпионы, ел кубогы және Суперекубогының иегері. Еурододалардың тәжірибесіне ие. 2021-2022 жылдардағы маусымда Арад нидерландтық «Фейенфорд», германиялық «Унион», чехиялық «Славияға» қарсы ойнап, өз командасын УЕФА конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығаруға көмектесті», - делінеді «Қайрат» ФК хабарламасында.

Айта кетейік, 2020 жылы Офри Арад Израиль құрамасында дебют жасап, бүгінгі күнге дейін құрама сапында 8 матч өткізген.

Фото: fckairat.com