Футбол: Кабананга «Астанаға» қайтып оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Конго құрамасының шабуылшысы Жуниор Кабананга «Астана» сапында қайтадан ойнайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футбол: Кабананга «Астанаға» қайтып оралды

Сауд Арабиясының «Аль Наср» (Эр-Рияд) клубының Твиттердегі парақшасында жазылғанындай, Кабананга «Астанаға» жалға берілмекші.

Биыл 29-ға толған Кабананга астаналық клуб сапында 2015-2017 жылдары өнер көрсетіп, үш мәрте ел чемпионы болып үлгерді. Команда сұрмергендерінің біріне айналған ол премьер-лигадағы 57 матчта 29 гол соқты.

Биылғы ақпан айында конголық шабуылшы «Аль-Наср» клубына  ауысып, 2,5 жылға келісімшартқа отырған болатын.

Еске сала кетейік, кеше Еуропа чемпиондары лигасының бірінші іріктеу сайысында «Астана» өз алаңында Черногорияның «Сутьеска» командасын 1:0 есебімен жеңген болатын.

Алдағы уақытта алдыңғы шепте ойқастап, мергендігімен таныла алатын Кабанангадай кәнігі, ұзын бойлы шабуылшының керек екендігі анық.