ФУТБОЛ: Кака «Миланға» оралды
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мадридтің «Реалы» мен «Милан» клубтары бразилиялық жартылай қорғаушы, 2007 жылғы әлемнің үздік футболшысы Каканың трансфері жөнінде уағдаластыққа келді, деп хабарлайды Еуроспорт.
Итальяндық ақпарат көздері бұл туралы жарысып жазуда. Бейресми ақпарат бойынша, «Реал» басшылығы Каканы «Миланға» тегін беруге келіскен екен.
Бразилиялық, өз кезегінде, «россонеримен» екіжылдық келісімшартқа қол қойып, маусымына бес миллион еуро алып отырады.
Кака «Милан» сапында 2003-2009 жылдары өнер көрсеткен.