Футбол қақпасының астында қалған 9 жастағы бала ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі кешке Ингушетияның Назранов ауданы Барсуки елді мекенінде оқыс оқиға орын алды. Салдарынан кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты.

Футбол қақпасының астында қалған 9 жастағы бала ажал құшты

Металл құбырларынан жасалған футбол қақпасының құлауы салдарынан 9 жастағы бала көз жұмды.

Назранов аудандық ауруханасына кәмелет жасқа толмаған бала жеткізілді. Дәрігерлер оған жабық түрдегі бас-сүйек жарақаты мен қарақұсы сынды деген диагноз қойды.

Ақ халаттылар оны ажалдан аман алып қала алмады.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын қарап шықты. Қақпаның орнықты бекітілмеуінен құлағаны анықталды.