ФУТБОЛ: Капелло - 2014 жылғы әлем чемпионатының ең жоғары жалақы төленетін жаттықтырушысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло Бразилиядағы 2014 жылғы әлем чемпионатында жұмыс істейтін барлық жаттықтырушылардың арасында жалақысы ең көп төленетіні болып отыр, деп хабарлады The Daily Mail.
Капеллоның Ресей құрамасындағы жалақысы жылына 6,7 миллион фунт стерлингті құрайды. Бұл тізімдегі екінші орын Англия құрамасының бас жаттықтырушысы Рой Ходжсонға тиесілі - 3,5 млн. фунт. Ең жоғары жалақы төленетін жаттықтырушылардың үштігін Италия құрамасының бапкері Чезаре Пранделли тұйықтап тұр - 2,575 миллион.