Футбол: Қарсыласын тістеп алған «Ливерпуль» құрамасының шабуылшысына қатаң жаза қолданылмақ

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Футбол федерациясы «Ливерпуль» құрамасының шабуылшысы Луис Суарестің теріс қылығын зорлыққа теңеп отыр.
None
None

Ол 21 сәуір күні «Ливерпуль» - «Челси» құрамаларының кездесуінде «Челсидің» қорғаушысы Бранислав Ивановичті тістеп алған-ды.

«Суарестің бұл қылығы ойыншыға жат жағдай. Осындай әрекет үшін әдеттегі жаза - үш ойынға қатыстырмау. Бірақ аталмыш оқиға үшін оның өзі аздау. Тәуелсіз комиссия мүшелері 24 сәуір күні аяқдопшының тағдырын шешпек», - деп хабарлайды "Интерфакс" Ұлыбритания Футбол федерациясына сілтеме жасап.

Соңғы жаңалықтар