Футбол кәсіподақ клубтары соңғы 3 жылда 30 млрд теңгеден астам үстеме ақы төлеген

межведомственное совещание
Фото: Антикор РК

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл мәліметтерді бүгін спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша өткен ведомствоаралық мәжілісте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали келтірді.

Мәжілісте еліміздің спорт саласына бөлінетін қаржы мен олардың игерілуі, сондай-ақ Қазақстандағы спортшыларды натурализациялау, кәсіби клубтардың бюджеттерін қалыптастыру және легионерлерге төлемдерді қаржыландыру мәселелері талқыланды.

«Ел Президентінің бюджет пен жалақы мөлшерін шектеу жөніндегі тапсырмасына қарамастан, еліміздің футбол кәсіподақ клубтары соңғы 3 жыл ішінде 30 млрд теңгеден астам үстеме ақы төледі. Сонымен қатар, өзінің спорттық инфрақұрылымын дамытудың орнына бюджет қаражаты легионерлерге төлем жасауға және спорт нысандарын жалға алуға жұмсалды», - деді агенттік төрағасы.

Осы ретте ол талдау қорытындысы бойынша министрліктің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар енгізді.

Ведомстволық бақылауды күшейту және дискрециялық өкілеттіктерді қысқарту, қаражатты бөлу процестерін нақты нормативтік және құқықтық регламенттеуді белгілеу және бұзушылықтар үшін жауапкершілікті дербестендіру, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформа құру туралы сұрақтар қойылды.

Өз сөзінде Туризм және спорт министрі Е.Б. Маржықпаев мемлекеттік органның қазіргі уақытта ұйымдық-құқықтық шаралар кешенін қабылдағаны туралы хабардар етіп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша барлық ұсынымдардың міндетті түрде орындалатындығын айтты.

Соңғы жаңалықтар