18:52, 22 Қараша 2014 | GMT +5
ФУТБОЛ: «Қайрат» «Қазақстан-2014» кубогының иегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» ФК ұлттық премьер лиганың финалдық ойынында «Ақтөбе» командасын айқын басымдықпен ұтып, ел чемпионы атанды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

Тартысты ойында есепті «қайраттық» Роберт Арзуманян ашты. Кейін ақтөбелік Юрия Логвиненко есепті теңестірді. Бірақ бұл көрсеткіш ұзақ сақталмады, араға екі минут салып Жерар Гоу қайта «Қайратты» алға шығарды.
Екінші таймда Гоу қарсылас қақпасына үшінші голды дарытты. Ойынның 85-інші минутында соңғы жеңісті голды Аслан Дарабаев салды. Есеп 4:1.