ФУТБОЛ: «Қайрат» тұңғыш рет Еуропа лигасының келесі айналымына шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» командасы УЕФА-ның Еуропа Лигасының келесі топтық кезеңіне жолдама алды.

ФУТБОЛ: «Қайрат» тұңғыш рет Еуропа лигасының келесі айналымына шықты

Қарымта кездесуде «Қайрат» Албанияның Тирана қаласында жергілікті «Кукеси» командасымен теңбе-тең ойнады, деп хабарлады «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен.

Есеп - 0:0. Алғашқы ойында алматылықтар албандықтықтарды 1:0 есебімен жеңген болатын.

Осылайша Еуропа Лигасына 8 жылдан соң қайта оралған «Қайрат» командасы өз тарихында тұңғыш рет келесі айналымға шығып отыр.

Бұған дейін алматылықтар Еуропа Лигасына үш қатысып, үш ретінде де топтық кезеңнен өте алмаған еді. Енді Владимир Вайстың шәкірттері келесі раундта Данияның «Эсбьерг» командасымен кездеседі. Эсбьерг - Данияның бес дүркін чемпионы, ел кубогының үш дүркін иегері.

Алғашқы матч 17 шілде күні Алматы қаласында, ал жауапты кездесу 24 шілде күні Данияның Эсбьерг қаласында өтеді.