Футбол: Қазақстан-Англия матчына болгариялық мамандар төреші болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 қыркүйек күні футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы өз алаңында Англиямен 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турының қорытынды матчын өткізеді, деп хабарлайды sports.kz.
Бұл ойында болгариялық мамандар төрелік етеді. Бас төреші - Християна Гутева, көмекшілері - Екатерина Маринова мен Мирела Иванова. Резервтегі арбитр - қазақстандық Елена Алистратова.
Матч инспекторы Ирина Мирт (Румыния).
Ойын Павлодардағы «Центральный» стадионында өтеді.