Футбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Грузияны ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2019-шы шылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Грузиямен сынға түскен Қазақстан әйелдер құрамасы қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жерлестеріміз сапынан жалғыз голды Юлия Николаенко соқты.
Айта кетейік, Қазақстан Грузия, Эстония және Латвия құрамаларымен А тобында сынға түсіп жатыр. Осы топтағы екінші ойында Латвия арулары Эстония құрамаларын 4:0 есебімен жеңді.