Футбол: Қазақстан бірінші таймда Германияға қарсы ойында есеп аша алмады, есеп 0:2

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Елорданың «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Германия құрамалары арасында футболдан матчтың бірінші тайм аяқталды. Өкінішке орай біздің құрама өз қақпасына екі доп жіберіп, өздері қарымта гол соға алмады.
None
None

Бірінші таймның 20 минуынтында Бастиан Швайнштайгер алғашқы гол соғып, арада екі минут өткенде оның командаласы Марио Гетце есепті еселей түскен еді.

Айта кетерлігі, бірінші кезеңде немістер сегіз соққы жасаса, оның төртеуі қақпаға дәл бағытталды. Сонымен қатар үш мәрте бұрыштама добын соғып, ойын барысында 83 пайыз допқа иелік етті. Ал біздің ойыншылар болса, әліде қақпаға бағытталған соққы жасауға асығар емес.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының ірктеу кезеңінде өтіп жатқан матчқа грекиялық Тасос Какос төрлеік жасауда.

Жасыл алаңда Қазақстан құрамасы сапында мына ойыншылар: Андрей Сидельников (22), Александр Киров (2), Юрий Логвиненко (3), Марк Гурман (5), команда капитаны - Қайрат Нұрдәулетов, Виктор Дмитренко (8), Сергей Остапенко (9), Марат Хайруллин (10), Мақсат Байжанов (15), Генрих Шмидтгаль (16) және Бауыржан Жолшиев (23) ойнауда. Ал Германия құрамасы сапында Мануэль Нойер (1), Марсель Шмальцер (3), Бенедикт Хеведес (4), Сами Хедира (6), Бастиан Швайнштайгер (7), Месут Озил (8), Юлиан Дракслер (11), Томас Мюллер (13), команда капитаны - Филипп Ламм (16), Пер Мертезакер (17), Марио Гетце (19) сынды ойыншылар бар.

Соңғы жаңалықтар