Футбол: Қазақстан біріншілігінде астаналық жастар көш бастап келеді

АЛМАТЫ. 21 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 1994 жылы туған футболшылар арасындағы Қазақстан біріншілігінде астаналықтар жеңіліссіз келе жатыр.

Футбол:  Қазақстан біріншілігінде астаналық жастар көш бастап келеді

12-19 шілде күндері Ақтөбеде өткен 2-турда олар көшбасшылықты сақтап қалды. Алғашқы турдағы 3 матчта 7 ұпай жинаған астаналықтар 2-турда оны 17-ге жеткізді. Олар 2 турдың қорытындысы бойынша 7 ойында қарсыластар қақпасына 15 доп соғып, өздеріне 5 доп жіберіп алды. Оларды өкшелеп келе жатқан ақтөбеліктердің - 1 , қарағандылық «Шахтердің» - 3, ақтаулық «Каспийдің» - 5 ұпайы кем. Ал турнир кестесінің екінші жартысынан орын тепкен Оралдың «Ақжайығында» - 8, Алматының «Қайратында» - 7, атыраулықтарда - 5, Өскеменнің «Востогында» - 0 ұпай бар. Өздері 3 доп соғып, ал өз қақпаларына 28 доп енгізіп алған өскемендіктер барлық ойында жеңіліс тапты.