Футбол: Қазақстан чемпионатының ширек финалында кездесетін командалар анықталды
АСТАНА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Футболдан Қазақстан чемпионатының ширек финалында кездесетін командалар белгілі болды.
Олар: «Жетісу»-«Атырау», «Локоматив»-«Тараз», «Шахтер»-«Ақтөбе» және «Тобыл»-«Ордабасы» командалары. Матчтар бірінші көрсетілген клубтардың алаңдарында өтеді. Бұл жұптардың жеңімпазы бір ойынның нәтижесі бойынша анықталады. Ал, матчтардың өткізілетін күні сәл кейінірек анықталады.