ФУТБОЛ: Қазақстан чемпиондығынан үміткер «Қайрат» пен «Астана» 25 қазанда кездеседі

Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан Қазақстан футболының қос алпауытының ойыны футбол жанкүйерлері үшін айтулы оқиға болғалы тұр, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.
Турнир кестесінің нәтижелері бойынша «Қайрат» «Астанадан» 5 ұпайға алда тұр. Бұл ойын кімнің мықты екенін анықтайтын шешуші айқас. Чемпиондыққа талас барысында «Астана» «Қайраттың» қарқынына төтеп бере ала ма? Тартыстың соңы қандай нәтижемен аяқталады? Осы және басқа да шиеленістердің нәтижесін футбол айқасының соңында білетін боламыз.
Алаңдағы алпауыттардың ойынын қос команданың жанкүйерлері тағатсыздана күтуде, қазақстандық «эль-классико» футбол матчын тамашалауға әзір.
Осы жексенбіде, «Қазақстан» арнасының көрермендері тікелей эфирде эмоцияға толы матчтың куәгерлері болады.