Футбол: Қазақстан - Ирландия 1:2
АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионаты аясындағы іріктеу турнирінде алғашқы ойында Ирландиямен кездескен Қазақстанның құрама командасы 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Қызықты да тартысты өткен ойында алғашқы допты Қазақстан құрамасы салды. Матчтың 37 минутында жерлесіміз Ұлан Қонысбаев қарлыстарды қапы қалдырып, қақпашыдан айласын асыра білді. Есеп - 1:0. Қазақстандық женкүйерлердің қуанышында шек болмады, жеңіске деген үміт оянды. Бірақ Ирландия футбошылары пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді. Одан кейін Кевин Дойл екінші голдың авторы атанып, өз командасын алға шығарды. Біздің жігіттер қанша тырысқанымен, қарсыластардың қақпасын ала алмады. Сөйтіп, 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионаты аясындағы іріктеу турнирінде Ирландия Қазақстанның құрамасын жеңіп, үш ұпайға ие болды.
Енді келесі ойын қыркүйектің 11-і күні Швеция құрамасымен өтеді.