Футбол: Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан командалар белгілі болды

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан командалар белгілі болды.
None
None

Шымкентте «Қыран» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, тек 0:1 есебімен ұтылды. Ал «Тобыл» өз алаңында алматылық ЦСКА клубын ірі есеппен жеңді - 6:2. «Астана» «Востоктың» қақпасына жауапсыз төрт гол салса, «Тараз» «Болаттың» қақпасынан екі мәрте саңылау тапты. «Ертіс» те «Қайсар» қақпасына екі гол соқты.

«Ордабасы» «Каспийді» еш қиындықсыз ұтты - 5:1. «Сұңқар» мен «Ақжайық» арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған. Пенальти бойынша оралдық клуб келесі кезеңге шықты - 5:4.

Кубок аясында ойналмаған бір ойын, 2 маусым күні «Шахтер» мен «Қайрат» арасында өтеді, деп хабарлайды «Аламан».

Соңғы жаңалықтар