Футбол: Қазақстан кубогының алғашқы айналымының жеребесі тартылды
АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан 2009 жылғы Қазақстан кубогының алғашқы айналымының жеребесі тартылды. Бұл кезеңде бірінші лига мен Премьер-лига командалары бір-бірімен кездесетін болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, ойындар сәуірдің 25-і күні бірінші лига командаларының алаңдарында өтеді. Жеребеге сәйкес алғашқы айналымда мына командалар кездеседі: Ақтөбе-Жас (Ақтөбе) ? Қайсар (Қызылорда)
Ақжайық (Орал) ? Атырау (Атырау)
Екібастұз (Екібастұз) ? Шахтер (Қарағанды)
Түркістан (Түркістан) ? Тараз (Тараз)
Гефест (Қарағанды) ? Локомотив (Астана)
Болат (Теміртау) ? Қазақмыс (Сәтбаев)
Каспий (Ақтау) ? Ақтөбе (Ақтөбе)
Қарасай-Сарбаздары (Қаскелең) ? Тобыл (Қостанай)
Іле-Сәулет (Алматы облысы) ? Восток (Өскемен)
Спартак (Семей) ? Ертіс (Павлодар)
Айжарық (Шымкент) ? Жетісу (Талдықорған)
Қайрат (Алматы) ? Қызылжар (Петропавл)
ОСШИОСД (Тараз) ? Ордабасы (Шымкент)
Намыс (Астана) ? Оқжетпес (Көкшетау).