Футбол: Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше футболдан Қазақстан кубогының 1/8-ші финалының қарымта ойындары өтіп, ширек финалға шыққан командалар белгілі болды,

Футбол: Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1/8-ші финалдағы қос кездесудің қорытындысы бойынша Ақтөбенің «Ақтөбе», Өскеменнің «Восток», Қарағандының «Шахтер», Қызылорданың «Қайсар», Тараздың «Тараз» командалары ширек финалға шықты. Бұл кезеңде жарысқа жеребе қорытындысы бойынша ширек финалға талассыз шыққан Талдықорғанның «Жетісу» және Атыраудың «Атырау» командалары араласады.