Футбол: Қазақстан кубогының жартылай финалында «Ақтөбе» мен «Шахтер» және «Жетісу» мен «Атырау» кездеседі

АСТАНА. Қазанның 22-сі.  ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше, қазанның 21-інде Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде футболдан 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыстың жартылай финалының жеребесі тартылды.

Футбол: Қазақстан кубогының жартылай финалында «Ақтөбе» мен «Шахтер» және  «Жетісу» мен «Атырау» кездеседі

Жеребе нәтижесі бойынша, ақтық сынға берілетін жолдамаларды «Ақтөбе» (Ақтөбе) мен «Шахтер» (Қарағанды) және  «Жетісу»  (Талдықорған) мен «Атырау» (Атырау) командалары өзара сарапқа салатын болады. Бірінші матчтар бірінші көрсетілген командалардың алаңдарында өтеді. Ойындар қарашаның 7-сі және 11-і күндері болады. Ал, финал қарашаның 15-інде елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді.