Футбол: Қазақстан құрамасы Англиямен және Украинамен болатын ойындарға дайындығын бастады

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2010 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі шеңберінде алдағы маусым айында Англия және Украина командаларымен болатын ойындарға дайындығын бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, біздің команда бүгін Алматыда оқу-жаттығу жиынына кірісіп кеткен. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Англиямен маусымның 7-де Алматыда, ал Украинамен маусымның 10-да Киевте кездеседі. Біздің команда Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясындағы бұған дейін бес кездесу өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетті, ал қалғандарында жеңіліп қалды. Осылайша, бес ойыннан кейін 3 ұпай жинаған олар өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді. Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) сәуірде жариялаған рейтингі бойынша Қазақстан 137-ші орында тұр. Англия болса 6-шы, Украина 22-ші орында. Іріктеу турнирі аясында жерлестеріміз бұл командалармен алғашқы айналымдағы ойындарын өткізіп қойған. 2008 жылғы қыркүйектің 10-да Алматы Украинамен болған кездесу 3:1 есебімен қарсыластарымыздың пайдасына шешілсе, сол жылғы қазанның 11-де Лондонда өткен ойында Англия Қазақстанды 5:1 есебімен ойсырата жеңген еді.
Соңғы жаңалықтар