Футбол: Қазақстан құрамасы «Еуразия-2010» турниріне қатысады

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ақпанның 13-і мен 21-і аралығында Омбыда футболдан «Еуразия-2010» халықаралық турнирі өтеді.

Футбол: Қазақстан құрамасы «Еуразия-2010» турниріне қатысады

Оған Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, турнирдің матчтары жабық футбол манежінде өтеді. Жарысқа қатысуға Ресей, Украина, Қазақстан, Өзбекстан және Омбы облысының құрамалары шақыртулар алған. Аталмыш турнирге біздің команда Шымкентте дайындалды. Онда олар ақпаның 3-і мен 11-і аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізді.