Футбол: Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындығын бастады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құраманың оқу-жаттығу жиыны маусымның 5-не дейін жалғасатын болады. Оның бағдарламасы аясында жаттығу сабақтарынан бөлек ойыншылардың дене күшінің жағдайы тестілеуден өткізілетін болады.
Айта кетейік, Алматы облысының Талғар ауданында футболдан Қазақстанның құрама командаларына арналған оқу-жаттығу базасы үстіміздегі жылғы мамырдың 31-де ашылды. Оның базасында біздің құрама тұңғыш рет жаттығып жатыр.
Голландиялық маман Бернд Шторк жаттықтыратын Қазақстан құрамасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі жарысын бастайды. Біздің команда Германия, Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан командаларымен бірге «А» тобында сынға түседі. Қазақстандықтар алғашқы ойынын қыркүйектің 3-інде өз алаңында Түркия командасымен өткізеді.