ФУТБОЛ: Қазақстан құрамасы латвиялықтармен ойыны алдында ашық жаттығу өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 додасының іріктеу кезеңі аясында Латвия құрамасымен ойыны алдында ашық жаттығу өткізді.

ФУТБОЛ: Қазақстан құрамасы латвиялықтармен ойыны алдында ашық жаттығу өткізді

Дәстүрлі жаттығуларымен денесін қыздырған ойыншылар екі топқа бөлініп, ойын өткізді. Кейін бапкері Юрий Красножаннан нұсқаулар алу үшін құрама алаң ортасына жиналды.

Еске сала кетейік, ертең елордалық «Астана-Арена» стадионында Қазақстан мен Латвия аяқ доп шеберлері өзара бақ сынасады.