ФУТБОЛ: Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде қырғызстандықтарды ойсырата жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 7:1 есебімен жеңді.

ФУТБОЛ: Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде қырғызстандықтарды ойсырата жеңді

Алғашқы минуттардан-ақ қазақстандық футболшылар ойын тізгінін өз қолдарына алды. Тартысты өнерімен ерекшеленген Сергей Хижниченко (27, 42-ші минуттарда), Таңат Нөсербаев (36-шы минутта), Бауыржан Исламхан (55-ші минутта), Бауыржан Жолшиев (70-ші минутта), Ұлан Қонысбаев (82-ші минутта), Азат Нұрғалиев (87-ші минутта) өз шеберліктерін бірден байқатты.

73-ші минутта қырғызстандық ойыншы Қайрат Жырғалбекұлы 1 гол соқты.

Енді 9 қыркүйекте Астанада Юрий Красножанның ойыншылары басты еуропалық турнирдің іріктеу кезеңінде Латвия құрамасымен кездеседі. Сондай-ақ біздің футболшылар Нидерланды, Түркия, Чехия және Исландия құрамаларының әрқайсысымен екі матчтан ойнайды.