Футбол: Қазақстан құрамасының қарсыласы Түркияны әйгілі бапкер Г. Хиддинк жаттықтырады

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде «А» тобындағы Қазақстан құрамасының қарсыластарының бірі - Түркия құрамасын әйгілі голландиялық бапкер Гус Хиддинк жаттықтыратын болды,

Футбол: Қазақстан құрамасының қарсыласы Түркияны әйгілі бапкер Г. Хиддинк жаттықтырады

деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, қазіргі таңда Ресей құрамасын жаттықтырып жүрген Г. Хиддинктің Ресей Футбол федерациясымен арадағы келісімшарты ағымдағы жылғы шілденің 30-да аяқталады. Ал, тамыздың 1-нен бастап Г. Хиддинк ресми лауазымына кірісіп, Түркия құрамасын жаттықтыра бастайды. Осылайша, талай команданың тасын өрге сүйреген білікті маман Түркия құрамасын «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турниріне дайындайтын болады.

Айта кетейік, Варшавада тартылған «ЕУРО-2012» іріктеу додасының жеребесі бойынша Қазақстан құрамасы Германия, Түркия, Австрия, Бельгия және Әзірбайжан командаларымен бірге «А» тобында сынға түседі. Еуропа біріншілігінің іріктеу ойындары 2010 жылдың қыркүйек пен 2011 жылдың қараша айларының аралығында өтеді.