Футбол:«Қазақстан - Швеция» матчын тікелей эфирден көруге болады
АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирлері аясында бүгін Қазақстан құрамасы шведтермен кездеседі.
Швеция жерінде өтетін матчты қазақстандық жанкүйерлер «Хабар» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көре алады. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 00:20-де басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Ирландия командасымен кездескен Қазақстанның футболшылары 1:2 есебімен ұтылған болатын.