Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас бапкер Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткеніндей, ел құрамасы 4 маусымда Скопьеде Тоше Проески атындағы стадионда Солтүстік Македония құрамымен кездеседі.

Сондай-ақ 7 маусымда Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта командасымен күш санасады.

Сонымен Қазақстан мына құрамда аттанбақ.

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Астана»), Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»), Әлібек Қасым, Нұрлан Дайыров (екеуі де – «Қызыл-Жар»), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев (барлығы – «Тобыл»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»);

Шабуылшылар:Роман Мұртазаев («Астана»), Таңат Нөсербаев («Тұран»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Алексей Щеткин («Ротор», Ресей).

Қосалқы құрам:

Қақпашылар:Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Тимур Рудосельский («Қайсар»), Карам Сұлтанов, Михаил Габышев (екеуі де – «Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар:Максим Федин («Ақтөбе»), Рамазан Оразов («Чайка», Ресей);

Шабуылшы: Абат Айымбетов («Астана»).

Бапкерлер штабы:

Талғат Байсуфинов – бас бапкер, Игорь Свечников, Сергей Калюбин – бас бапкердің көмекшілері, Марат Еслямов – дене даярлығы, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан Қазақстан біріншілігінде «Тобыл» мен «Каспийдің» қарсыластарын ірі есеппен жеңгенін жазған болатынбыз.