Футбол: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словакияда өтетін турнирге қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2000 жылғы футболшылардан құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Slovakia Cup-2018» халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футбол: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словакияда өтетін турнирге қатысады

фуҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, «Slovakia Cup-2018» халықаралық турнирі 7-11 мамыр аралығында Трнава қаласында өтеді. Жарысқа 8 құрама қатысады. Олар екі топқа бөлінген. Біздің құрама «В» тобында АҚШ, Чехия және Украина құрамаларымен ойнайды.

Аға бапкер Александр Кузнецов шәкірттері қазіргі уақытта Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

«Slovakia Cup-2018» турниріндегі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойын кестесі:

7 мамыр. АҚШ - Қазақстан

8 мамыр. Чехия - Қазақстан

10 мамыр. Қазақстан - Украина

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылар:

Қақпашылар: Олег Медведев, Владислав Саенко (екеуі де - «Астана»), Данил Устименко («Қайрат»)

Қорғаушылар: Әлім Ілиясов, Сағи Совет, Әділжан Дүйсембаев (барлығы - «Астана»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»), Санжар Әйтім («Ертіс»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»)

Жартылай қорғаушылар: Жасұлан Қайыркенов, Руслан Махан, Лев Скворцов (барлығы - «Астана»), Бекзат Иманғазеев (Академия «Оңтүстік»), Арман Кеңесов («Иртыш»), Нұрбол Нұрберген («Жетісу»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Дмитрий Савченко («Қызыл-Жар СК»).

Шабуылшылар: Максим Ваганов («Ордабасы»), Владислав Прокопенко («Астана»).