Футбол: Қазақстан жастар құрамасының 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды.
None
None
Біздің команда Израиль, Швеция, Болгария және Черногория құрамаларымен бірге 6-шы топта өнер көрсететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Іріктеу турниріне барлығы 52 команда қатысады. Дания чемпионатты ұйымдастыратын ел болғандықтан, бірден финалға жіберілді. Қалған командалар он топқа бөлінді. 2009 жылғы наурыздың 28-і мен 2010 жылғы қыркүйектің 7-сі аралығында өтетін іріктеу турнирінде топтардың әрқайсында екі айналымнан тұратын ойындар өтеді. Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша әр топтың жеңімпазы және нәтижелері үздік екінші орын алған төрт команда плей-оффқа өтіп, жеті жұпты құратын болады. Бұл кезеңде сәтті ойнаған жеті жұптың жеңімпаздары Даниядағы финалдық турнирге жолдама алады. Жеребе бойынша командалар топқа былай бөлінді: 1-ші топ: Ресей, Румыния, Молдова, Латвия, Фарерьер аралдары, Андорра 2-ші топ: Түркия, Швейцария, Армения, Ирландия, Грузия, Эстония 3-ші топ: Италия, Уэльс, Венгрия, Босния және Герцеговина, Люксембург 4-ші топ: Испания, Финляндия, Голландия, Польша, Лихтенштейн 5-ші топ: Германия, Чехия, Солтүстік Ирландия, Исландия, Сан-Марино 6-шы топ: Израиль, Швеция, Болгария, Черногория, Қазақстан 7-ші топ: Сербия, Хорватия, Норвегия, Словакия, Кипр 8-ші топ: Франция, Украина, Бельгия, Словения, Мальта 9-шы топ: Англия, Португалия, Грекия, Македония, Литва 10-шы топ: Австрия, Беларус, Шотландия, Албания, Әзірбайжан
Соңғы жаңалықтар