Футбол: Қазақстан жастары «Миланды» 2:1 есебімен тізе бүктірді

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бұл күндері Италияның ең үздік футбол базаларының бірі "Миланеллода" оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан жастар құрамасы "Милан" футбол клубының жастар командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Футбол: Қазақстан жастары «Миланды»  2:1 есебімен тізе бүктірді

23 минутта құрама ойыншысы Әлібек Аяғанов есеп ашып, Қазақстанды алға шығарды. Ал екінші таймның 48-ші минутында ол екінші голын салды. Алаң иелері тек 75 минутта ғана есепті қысқарта алды. Гол авторы - Альберто Споллени. Қорытынды есеп - 2:1.