ФУТБОЛ: Қазақстандық U-21 құрамасының Еуропа-2017 чемпионатына іріктеу сынындағы қарсыластары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында жастар арасындағы (21 жасқа дейін) Еуропа-2017 чемпионаты іріктеу турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті, - деп хабарлады Sports.kz.

ФУТБОЛ: Қазақстандық U-21 құрамасының Еуропа-2017 чемпионатына іріктеу сынындағы қарсыластары анықталды

Жеребе бойынша Қазақстан U-21 құрамасы соңғы тоғызыншы топқа түсті, онда Англия, Швейцария, Норвегия, сондай-ақ Босния мен Герцоговина командаларымен ойнайды.

Бірінші іріктеу ойындары 23-31 наурыз аралығында өтеді.