Футбол: Қазақстандық В. Седельников Түркия клубымен келісімшартқа қол қойды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық 22 жасар Владимир Седельников Түркияның «Денизлиспор» командасымен ресми түрде келісімшартқа қол қойды.

Футбол: Қазақстандық В. Седельников Түркия клубымен  келісімшартқа қол қойды

Седельников бұған дейін «Тобыл», «Астана - 64″ командаларында ойнаған.

«Денизлиспор» Түркияның бірінші лигасындағы команда. Қазір бұл клуб рейтингте 14 орында тұр.

Осыған дейін түріктің бірінші дивизионындағы «Ризерспор» командасында қазақстандық Самат Сымақов пен Давид Лория ойнаған болатын, деп хабарлайды «Аламан».