23:29, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
ФУТБОЛ: Қазақстандық жас ойыншылар Еуропа-2017 чемпионатына іріктеуде Босния құрамасынан басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар арасындағы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу раундының бастапқы матчында Қазақстанның жастар құрамасы Сараевода Босния құрамасын 2:1 есебімен жеңді, деп жазады Sports.kz.

Кездесудің 27-ші минутында есепті көкшетаулық «Оқжетпес» үшін ойнаған Мирас Тулиев ашты. Ал «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетов бірінші таймның негізгі уақытының аяқталуына дейін қазақстандық команданың басымдығын арттырды.
Тек ойынның 58-ші минутында қарсылас командадан Харис Хайрадинович жауап добын соғып үлгерді. Қалған уақытта олар гол соға алмады, сөйтіп Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.
7 қыркүйек күні Алматыда орталық стадионда сағат 20.00-де қазақстандық ойыншылар Швейцария құрамасын қабылдайды.