Футбол: Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 2008/2009 жылғы Еуропа чемпионатының элиталы кезеңінің матчтарына қатысады

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Наурыздың 12-сі мен 17-сі күндері Испанияда футболдан жасөспірімдер құрамалары арасындағы 2008/2009 жылғы Еуропа чемпионатының элиталы кезеңінің 2-ші тобының матчтары өтеді.
None
None
Оған алдын-ала кезеңнің нәтижесі бойынша жолдамаға ие болған Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы да қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, біздің команда Чехия, Испания, Бельгия командаларына қарсылас атанып отыр. Жарыс күнтізбесіне сәйкес, жерлестеріміз бірінші матчын наурыздың 12-де Чехиямен, 14-де Испаниямен, 17-де Бельгиямен өткізеді. Топтан бірінші орын алған құрама финалдық турнирдің жолдамасын иеленеді.
Соңғы жаңалықтар