Футбол: Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Испаниядан ұтылып қалды

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Осы күндері Испанияда футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы 2008/2009 жылғы Еуропа чемпионатының элиталы кезеңінің 2-ші тобының ойындары өтіп жатыр.
None
None
Оған қатысып жатқан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы екінші кездесуінде осы жас санатындағы қазіргі Еуропа чемпионы, алаң иелері - Испания футболшыларынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл топтың басқа бір кездесуінде Чехия мен Бельгия 2:2 есебімен тең ойнады. Айта кетейік, мұның алдындағы бірінші ойынында біздің команда Чехияға 0:3 есебімен есе жіберген болатын. Жерлестеріміз үшінші ойынын ертең Бельгиямен өткізеді. Элиталы кезеңде төрт-төрттен 7 топқа бөлінген 28 команда сынға түсуде. Топтан бірінші орын алған құрама финалдық кезеңге жолдама алады.
Соңғы жаңалықтар