Футбол: Қазақстанның жастар құрамасы Израильмен тең ойнады
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстанның жастар құрамасы 2011 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясындағы алғашқы ойынын кеше сырт алаңда Израильмен өткізіп,
1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Біздің командадан жалғыз допты кездесудің 60-шы минөтінде Қарағандының «Шахтер» клубының жартылай қорғаушысы Руслан Кенетаев соқты. Елге футболшыларымыз ертең оралады. Ал сәуірдің 2-де жерлестеріміз іріктеу турнирі шеңберіндегі екінші ойынында Алматыдағы орталық стадионда Болгарияны қабылдайды. Айта кетейік, Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясында Қазақстанның жастар құрамасы Израиль, Швеция, Болгария және Черногория құрамаларымен бірге 6-шы топта өнер көрсетеді. Іріктеу турниріне барлығы 52 команда қатысады. Дания чемпионатты ұйымдастыратын ел болғандықтан, бірден финалға жіберілді. Қалған командалар он топқа бөлінді. 2009 жылғы наурыздың 28-і мен 2010 жылғы қыркүйектің 7-сі аралығында өтетін іріктеу турнирінде топтардың әрқайсында екі айналымнан тұратын ойындар өтеді. Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша әр топтың жеңімпазы және нәтижелері үздік екінші орын алған төрт команда плей-оффқа өтіп, жеті жұпты құрады. Бұл кезеңде сәтті ойнаған жеті жұптың жеңімпаздары Даниядағы финалдық турнирге жолдама алады.
Біздің команда сынға түсетін 6-шы топтағы ойындардың күнтізбесі мынадай:
Сәуірдің 2-сі
Қазақстан-БолгарияМаусымның 7-сі
Қазақстан-ЧерногорияҚыркүйектің 4-і
Болгария-ҚазақстанҚыркүйектің 9-ы
Қазақстан-ИзраильҚазанның 11-і
Қазақстан-ШвецияҚазанның 14-і
Черногория-ҚазақстанҚарашаның 15-і
Швеция-Қазақстан