Футбол клубы президентінің иті 1200 долларды жеп қойды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Сиэтл футбол клубының президенті Билл Фрайдың иті 1200 долларды жеп қойды,

Футбол клубы президентінің иті 1200 долларды жеп қойды

деп хабарлайды Лента.ру.

Биллдің айтуынша, ол үйіне келгенде стол үстінен 50 долларлық қағаз ақшаны тауып алады. Ол мұны ұмыт қалдырған ақшасы екен деп қуанып қалады. Дегенмен, кейін ол клуб мүшелері балалардың ата-аналары жылу ретінде жинап берген ақша салынған қалтаның жоғалып кеткенін байқайды.

Қағаз қалтада жалпы сомасы 1500 АҚШ доллары болыпты, оның 600 доллары ақшамен ал 900-і чек түрінде екен. Кейін Фрай итінің үй ауласында қосымша 300 долларды көміп тастағанын көреді. Стол үстіндегі 50 доллар осы ақшадан түсіп қалған сыңайлы.

Қалған ақша мен чектердің жыртындысын Билл итінің нәжісінен табады. Фрайдың итінің аты Космо екен. Ол бес жасқа келіп қалған. Ит лабрадор мен овчарканың шатысуынан туған.

Билл Фрай 600 доллардың орнын өзі толтыратынын айтқан, ал қалған ақшаның орнын ата-аналар тағы да чек жазып беру арқылы толтырар деген үмітте.