Футбол: қос шетелдік ойыншы «Ақжайықта» қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Хорватиялық Денис Главина мен украиналық Сергей Басов жаңа маусымда «Ақжайық» командасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қос ойыншымен де келісімшарт ұзартылған.

Денис Главина спорттық жолын Загребтің «Динамо» клубында бастады. Кейін украиналық «Динамо» (Киев), «Днепр» (Днепропетровск), «Ворскла» (Полтава), польшалық «Арка» (Гдыня), хорватиялық «Вараждин», «Сплит» және словениялық «Заврч» командаларында доп тепті.

Қазақстанға 2016-2017 жылғы маусымда келіп, әуелі «Тобылда» ойнап, сосын «Ақжайыққа» қосылды. Өткен жылғы маусымның жартысын «Жетісу» сапында өткізіп, жазда Оралға оралды.null

2018 жылы команда көшбасшыларының бірі болған Сергей Басов Украина чемпионатында әр жылдары Запорожьенің «Торпедо», «Динамо», «Металлург» командаларында ойнады. Сондай-ақ «Титан» (Донецк), «Звезда» (Кировоград), «Буковина» (Черновцы) және «Александрия» (Александрия) клубтарында өнер көрсетті. «Ақжайыққа» өткен жылдың қаңтарында келді.

Осылайша қос тәжірибелі қорғаушы «Ақжайықтың» премьер-лигаға қайта оралуына күш салмақшы.

Қазіргі кезде украиналық маман Сергей Зайцев жаттықтыратын оралдық клуб Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Онда ойыншыларды сынап көрумен бірге бірнеше командамен жолдастық кездесу жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» үш ойыншымен келісімшартты ұзартып, тағы бір футболшыны жаңадан алған болатын.

Соңғы жаңалықтар