Футбол: ҚР Президентінің кубогын Бразилияның «Оле Бразил» клубы жеңіп алды

АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алматыда өткен ҚР Президентінің кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасындағы II халықаралық турнирдің бас жүлдесін Бразилияның «Оле Бразил» (Сан-Паулу) клубы жеңіп алды,

Футбол: ҚР Президентінің кубогын Бразилияның «Оле Бразил» клубы жеңіп алды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кеше болған финалда «Оле Бразил» Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасын 1:0 есебімен жеңді. Үшінші орынды Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасы иеленді. Одан кейінгі орындарға Голландияның «АДО ден Хааг» (Гаага), Қазақстанның «Семей-93» (Семей), Қырғызстанның «Абдыш-Ата» (Қант), Әзірбайжанның «Академия» (Баку) және Ресейдің «Рубин» (Қазан) командалары ие болды. Айта кетейік, бұл турнирге барлығы сегіз команда қатысты. Командалар төрт-төрттен екі топқа бөлініп сынға түсті. Бас жүлдені әр топтан үздік шыққан екі команда өзара сарапқа салды. Ал қалған клубтар топтағы алған орындарына қарай бір-бірімен кездесіп, қорытынды жіктеудегі орындарын анықтады.