ФУТБОЛ: Қытай Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізетіндігі жайлы ресми жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай футбол федерациясы өзінің ресми сайтында Қазақстан командасымен жолдастық кездесу өткізетіндігі туралы жария етті, деп жазады Sports.kz.

 ФУТБОЛ: Қытай Қазақстанмен  жолдастық кездесу өткізетіндігі жайлы ресми жария етті

Матч - 7 маусымда.

Бұдан бұрын 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен тағы бір рет жолдастық кездесу өткізетіндігі жөнінде белгілі болған еді. Бұл ойын - 30 тамызда.

4 қыркүйекте қазақстандық футболшылар үзілістен кейінгі бірінші ресми матчын өткізеді. Олардың қарсыласы Польша командасы болмақ. Сондай-ақ «Е» тобында Армения, Дания, Черногория және Румыния командалары ойнайды.